Айта айта қотыр болды – Аида Балаева "Қалаулым" мен "Қослайк" туралы

1589

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Қалаулым" мен "Қослайк" бағдарламалары туралы пікірін білдірді. Аталмыш бағдарламаларға қатысты сұрақ министрге халыққа есеп беру кездесуінде қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта айта қотыр болды – Аида Балаева "Қалаулым" мен "Қослайк" туралы Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Бұл енді айта айта қотыр болған мәселе ғой. Десе де біздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кез келген бағдарламаны ұнамаса жауып тастауға құзыреті жоқ. Заң бар. Сіз айтып отырған бағдарламалардың барлығы жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Бірақ қоғамнан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты ұсыныстарымызды бердік", - деді Аида Балаева.
Министрдің айтуынша мұндай бағдарламаларға қоғамның бір бөлігі наразылық білдірсе, екінші бөлігі өліп-тіріліп көріп жатады.

"Бүгінде "Астарлы ақиқат", "Қалаулым" деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұр екен. Ол дегеніміз – сұраныс бар. Халық көргеннен кейін БАҚ иесі ешқашан ол бағдарламаны жаппайды. Сондықтан біздің негізгі мақсат – министрлік пен БАҚ жұмылуымыз керек. Халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру керек. Сол мәселелер жолға қойылса, халық ақ пен қараны айыра білсе, сондай бағдарламалардың рейтингі төмендейді", - дейді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу