Айтбек Амангелді Салтанаттың ноутбугі қайда жоғалып кеткенін айтты

637

Тергеу кезінде тінту жұмыстары тек Бишімбаев пәтерінде жүргізілген.

Айтбек Амангелді Салтанаттың ноутбугі қайда жоғалып кеткенін айтты Фото: Айтбек Амангелді

Бишімбаев ісі бойынша тергеу барысында Салтанат Нүкенова тірі кезде пайдаланған ноутбук іс-түссіз жоқ болып кеткені анықталды. Техника әлі күнге дейін табылмады. Оны жәбірленуші тарап заттай дәлелдеме ретінде пайдаланбақ болған, деп жазады inbusiness.kz

Салтанаттың ағасының айтуынша, тергеу кезінде тінту жұмыстары тек Бишімбаев пәтерінде жүргізілген, оның ата-анасының, туған апайының үйлері қаралмады.

"Салтанатта HP маркалы ноутбук болды. Жұмыс бабымен қолданатын, онда жұлдызнамалық есептеулер жүргізетін арнайы бағдарламалар болды. Одан бөлек, біз үшін ең маңыздысы, онда Салтанаттың барлық суреттері сақталған. Басқа ішінде не болғанын білмеймін, бірақ ноутбук іс-түссіз жоғалып кетті. Қайда кетуі мүмкін? Кіп-кішкентай айпад емес, кәдімгі үлкен ноутбук. Бишімбаев үйінде тінту жүргізілді, телефондары тәркіленді, бірақ оның ата-анасының пәтерінде, сол тұрғын үйдегі екінші пәтерде, оның туған апайының үйінде ештеңе қаралмады", — деді А.Амангелді Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу