"Қазір Саида мен Маралмен байланыстым. Олар Қаржаубаймен бірге аудандық полиция бөлімінде. Психолог та полиция бөлімінде. Сонымен қатар бүкіл отбасыға көмек көрсету үшін тағы екі психолог жұмылдырылды. Бүгінгі жағдайға қатысты айтатын болсақ, оқиға ер адамдар жерлеуге кеткен кезде болған деп түсіндім. Артынша жағдай ушығып кеткен. Әйелдер үйде отырған. Мен нақты не болғанын білмеймін. Алдағы уақытта Саида журналистерге жағдайды түсіндіреді деп ойлаймын”, – дейді ол.
Адвокаттың Қаржаубай Нұрымовпен байланысқа шыққаны, оның жағдайы жақсы екені айтылды.
"Қаржаубайдың БАҚ-пен сөйлесу туралы талабына қатысты айтар болсам, оған ешкім сөйлесуге шектеу қойған жоқ. Егер ол өтініш жасаған болса, біз БАҚ-пен байланыс құрып беретін едік. Бұл мәселе емес. Мен қазір болып жатқан оқиғаны толық түсінген жоқпын. Мән-жайды анықтау керек. Мен өзім Алматыдамын. Мен әзірге адвокаттар мен психологтан ақпарат күтіп отырмын. Мен Саидадан Қаржаубайдың фотосын түсіріп жіберсін деп өтіндім. Барлығы Қаржаубайдың қазіргі жағдайын көргенін қалаймын. Өйткені оны соққыға жыққан деген ақпарат тарады. Мұның қаншалықты рас екенін білмеймін. Бірақ Саида Қаржаубаймен телефон арқылы сөйлесіпті, дауысы жақсы деді. Қандайда бір ақпарат алсақ, бөлісетін боламын”, – дейді ол.