Әйтенов: Шымкент қоқысқа батып бара жатқан жоқ

2667

Алайда шаһарда 6 айдан бері қызмет көрсететін компания анықталмаған. 

Әйтенов: Шымкент қоқысқа батып бара жатқан жоқ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаланы абаттандыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шымкент, бақытымызға орай, қоқысқа батып жатқан жоқ, бірақ 6 ай бойы қызмет көрсететін компания анықталмады", – деді Шымкент әкімі қоқыс мәселесі туралы  сауалға жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол жаңадан белгіленген компанияның өзіне еш қатысы жоқ екенін жеткізді.

"Жасыл жер" ЖШС-ның менімен еш байланысы жоқ, ресми түрде мәлімдеймін. Сот қалада жұмыс істейтін компанияны анықтады. Бүгінгі күні сот шешімімен бұл компания жаңадан жұмысын бастады. Ол қалай жұмыс істейді, біз кейінірек бағалаймыз. Сапасыз болса, жауапкершілікке тартамыз, осындай компаниялар тізіміне қосамыз. Өткен жылы бұл тізімге екі компания кірді", – деді Шымкент әкімі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу