Әйтеновтің пікірі қандай: Путинді жақтайтын Малышеваның орталығы Шымкентте ашыла ма?

465

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында теледәрігер Елена Малышеваға қатысты медициналық орталықтың ашылуына қатысты ақпарат қызу талқыланды.

Әйтеновтің пікірі қандай: Путинді жақтайтын Малышеваның орталығы Шымкентте ашыла ма? Фото: nur.kz

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алғашында қала тұрғындары жарнамалық баннерде тек орыс тілінің қолданылғанына мән берген. Осыдан кейін Малышеваның саяси ұстанымы, емдеу әдістері мен беделі туралы пікірлер айтыла бастады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалада Путинді қолдайтын Малышеваға қатысты орталық ашуға рұқсат бар-жоғын сұраған журналист сауалына Шымкент қаласының әкімі Әйтенов жауап берді.

"Елена Малышева Путинді және Украинадағы соғысты қолдайды, ол ауруды ем қолдануда оғаш әдістерімен де танымал. Оның айналасында жемқорлық оқиғалары да бірнеше рет болған. Оның екіұшты беделіне қарамастан, клиника талаптарға сай болса да, олар рұқсат бере ме?", - деп сұрады БАҚ өкілі.

Әйтенов Малышева қолданған емдеу әдістері туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Бүгінгі ұстанымымыз: біз барлығына ашықпыз, біз бәрімізбен доспыз. Мен бұл техниканы білмеймін, Малышева ма, жоқ басқа техника ма? Оны қазір талқылау әлі ерте. Біздің еліміздің сыртқы саясаты тату көршілік, достық, көпқырлы қарым-қатынасқа бағытталған. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді әкім. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу