"Айтуға қорқамын": Дариға Бадықова жазбасымен елді ойландырып қойды

6638

Дариға Бадықова көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындысының жалғасын түсіріп жатқанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Айтуға қорқамын": Дариға Бадықова жазбасымен елді ойландырып қойды Фото: @dariga_badykova

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова бүгінде "Таптым-ау сені" фильмінің екінші бөлімін түсіруге білек сыбана кірісіп кетті. Өнер иесі көпшілікке түсірілім барысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, өзі жайлы ел білмейтін жайтты айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кинопродюсер түсірілім алаңынан фото мен видеолар жариялап, көпшілікті қуантты. 

Сонымен қатар өнер иесі желіде өзі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды. Актриса жұмысы қаншалықты қиын болса да, "шаршадым" деп айтпауға тырысады екен.

"Шаршау дегенді айтпашы. Күпірлік болар, Дариға. Жалпы шаршадым деген сөзді көп айтпаймын. Айтуға қорқамын" , - деп жазды кино жұлдызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу