Айтыскер ақынды Fly Arystan ұшағына домбырамен кіргізбей қойды

1380

Жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойған.

Айтыскер ақынды Fly Arystan ұшағына домбырамен кіргізбей қойды Фото: www.instagram.com/tleutai.aisholpan

Fly Arystan әуе компаниясының қызметкерлері ұшаққа домбырамен кірмек болған жас айтыскер ақынды өзге жолаушылардың көзінше жұлқылаған, деп хабарлайды  inbusiness.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Fly Arystan компаниясының қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбейсің деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады. Бірақ мені жұлқылаған екі қыз менің бұрын боксқа қатысқанымды және олардан қарағанда күшім көп екенін білмей қалыпты. 2 қыздың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім! Жақсы жеттік! Әбден есіріп, елдің құқығын таптап, ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!”, деді ол желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу