Айтыскер Аманжол Әлтай депутат ретінде ант берді

2199

Бүгін ақын Аманжол Әлтай мәжіліс депутаты ретінде ант берді. Ол "Аманат" (бұрынғы Nur Otan) партиясының мүшесі болады. Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамында қызмет етеді.

Айтыскер Аманжол Әлтай депутат ретінде ант берді

Айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев 1971 жылдың 31 тамызында қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келді.

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1993).

1993 жылдан осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген. Қазір Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы.

Қарағанды қаласында өткен "Арқа арулары мен сал серілері" сайысының (1990), жыр сүлейі Иса Байзақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған (Павлодар, 1990), С.Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған (Жезқазған, 1990) республикалық айтыстардың жеңімпазы.

1990 жылы Қызылорда облысында өткен халық ақыны Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерекесіндегі, 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында болған атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 120 жылдығына арналған тойында, 1993 жылы Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында, 1992 жылы Қарағанды облысында ұйымдастырылған. Қ. Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойында, Ғ. Мүсірепов құрметіне арналған айтыста, Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 1 жыл толуына арналған айтыста, Ж. Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген ақын, жыршы-дастаншылар сайысында (Қарағанды, 1996) жеңімпаз атанды.

1995 жылы ұлы акын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының ЮНЕСКО дәрежесінде өткен 150 жылдық меррейтойында, т.б. өткізілген республикалық ақындар айтыстарында жүлделі орындарды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу