"Ардақты анамыз, қазақ айтысының аруанасы Әселхан Қалыбекова анамыз дүниеден өтті. Барша жұртқа қаза қайырлы болсын, апамыздың жаназасы ертең, таңғы сағат онда Шәуілдір кентіндегі өз шаңырағында өтеді", - деп жазды Бекарыс Шойбеков өз парақшасында.https://www.facebook.com/bekaris.soybek
Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында туған. Қазақ КСРнің Халық ақыны (1990) атағын алған. Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы.
Әселхан Қалыбекованың айтыс өнеріне қосқан үлгі-өнегесі мол. Республикамызға танымал белгілі ақындардың бәрімен кездесіп, аймақтық, республикалық, халықаралық көптеген дүбірлі айтысқа қатысқан.