Айына 145 мың теңге алатын қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады

92

Биылдан бастап айына шамамен 145 мың теңге көлемінде табыс табатын қазақстандықтар жеке табыс салығын төлемейді.  

Айына 145 мың теңге алатын қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады Фото: Depositphotos

Қазақстандықтардың жылдық табысы 36 млн теңгеден асқан жағдайда, ол кірістерге жоғары мөлшерлемедегі жеке табыс салығы салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ай сайын 3 млн теңгеден немесе жылына 36 млн теңгеден артық табыс табатын азаматтар жоғары мөлшерлеме бойынша ЖТС төлеуге міндетті болады. Бұл туралы арнайы брифингте қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық әдіснама басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде базалық шегерім қарастырылған. Бұл бір күнтізбелік айға шамамен 129 750 теңге болады. Аталған сомаға жеке тұлға өзінің табысын азайта алады.

"Айына шамамен 145 мың теңге көлемінде төмен табыс алатын азаматтар жеке табыс салығын төлемейді. Ал, 36 млн теңгеден асатын табыс бөлігіне 15 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады", – деп түсіндірді Айгүл Аббасова.

Айта кетсек, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі күшіне енді. Ол жеке табыс салығы (ЖТС) саласында елеулі өзгерістерді қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу