"Айыппұл арқалады": Атырауда Қуат Хамитовтың басы бәлеге қалды

Әлеуметтік желіде тараған видеода әлдебір қыздың Toyota Camry көлігінің терезесінен шығып, файтермен сөйлескені анық көрінеді.  

"Айыппұл арқалады": Атырауда Қуат Хамитовтың басы бәлеге қалды Фото: бейнежазбадан

Ал Қуат Хамитовтың өзі Mustang тізгінінде қауіпсіздік белдігін тақпай отырғаны таспаға түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Видео 23 мамыр күні өтетін Batyr Fighting Championship турнирі қарсаңында түсірілген. Аталған кеште Қуат Хамитов ирандық Али Хейбатимен күш сынасады. 

Атырау облысының Полиция департаменті жол ережесін бұзғандарға шара қолданылғанын хабарлады.

– Тексеру нәтижесінде Toyota Camry көлігіндегі 24 және 22 жастағы жолаушылардың қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны, сондай-ақ көлік салонынан денесін шығарғаны анықталды. Жол берген құқық бұзушылықтары үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, аталған заңсыз әрекеттерге жол берген 20 жастағы жүргізуші де жауапқа тартылды. Сондай-ақ Mustang көлігінің 38 жастағы жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлім етті полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу