"Айыппұл бюджетті толықтырудың жолы емес"

720

Карантин ережелеріне бағынбайтындар саны азайып келеді.  

"Айыппұл бюджетті толықтырудың жолы емес"

28 наурыздағы жағдай бойынша елімізде карантин ережелерін бұзған 124 адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Әділет министрі Марат Бекетаев.

"Карантин ережелері коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтату үшін күшейтілді. Ал оның талаптарына көнбегендерге салытантын айыппұл бюджетті толықтыру үшін емес, халықты тәртіпке шақыру үшін қарастырылған. Қолданылып жатқан шаралар қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Мәселен, 28 наурыздағы жағдайға назар аударсақ Әкімшілік кодекстің 476 бабы бойынша жалпы саны 124 адам жауапқа тартылды. Тек 28 наурызда 56 адамның үстінен іс қозғалса, 29 наурызда бұл көрсеткіш 33 әкімшілік іске төмендеді", – деді министр.

Сонымен қатар Марат Бекетаев полиция қызметкері жұмыс орныңыздан анықтаманың болмағаны үшін айыппұл салса, ақиқатын сотта дәлелдеуге болатынын айтады.

"Сіздің анықтамаңыз жоқ. Бірақ жұмысқа бару керек болды. Егер жолда полиция қызметкері тоқтатса мән-жайды асықпай түсіндіруге тырысыңыз. Тіпті болмаса кадр бөлімінің телефон нөмірін беріңіз. Әрине, ол да сенім тудырмай сізге айыппұл салса сотта ақиқатын дәлелдей аласыз", – деді Әділет министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу