Айыппұл мөлшері халықтың табысына сай келе ме?

271

Айыппұл заңды бұзғанда ғана салынады.

Айыппұл мөлшері халықтың табысына сай келе ме? Фото: Ulysmedia

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айыппұл мөлшері халықтың табысына сай әділетті ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Айыппұлды төлемеу үшін заңды бұзбау керек қой. Заңды бұзбасаңыз, сіз ешкімге бір тиын да төлемейміз. Айыппұл заңды бұзғанда салынады. Мәселен, үлкен тас жолдарда жылдамдықты 110-нан асырмау қажет, бірақ 170-пен жүретіндер бар. Салдарынан не болып жатқанын көріп отырсыздар. Сондықтан да әрбір көтерілген мәселе заңды түрде болуы керек", – деді Премьер-министрдің орынбасары Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Тілшілер "Айыппұл мөлшері халықтың табысына сай әділетті деп ойлайсыз ба?" деп нақтылады.

"Мен өз пікірімде қаламын. Ол айыппұлдың аздығы, көптігіне байланысты емес. Меніңше, егер біз заңды бұзбайтын болсақ, ешкім ешкімнің қалтасына түспейді. Сондықтан айыппұл біздің табысымызға тура келе ме, келмей ме деген сұрақ қоймау керек. Айыппұлдар не үшін салынады? Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жол қауіпсіздігін не болмаса ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін салынады. Егер біз осы мәселелер бойынша заңды тыңдайтын азамат болсақ, бізге ешкім ешқандай айыппұл салынбайды", – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу