Айыппұл салынғаны туралы жолданатын хабарламаға 400 теңге жұмсалады – Әділет министрі

1485

Сотқа шақыру қағазы, әкімшілік айыппұл туралы хабарлама және нотариустың жазбаларын борышкерлерге жеткізу – күрделі мәселе. СМС-хабарлама адамдардың eGov.kz порталында көрсетілген мобильді нөміріне жолданады. Алайда хабарлама әрдайым адресатқа жете бермейді, нөмір жойылған немесе басқа адамға тіркелген болып шығады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты.

Айыппұл салынғаны туралы жолданатын хабарламаға 400 теңге жұмсалады – Әділет министрі

"Ал хабарламаны электрон поштамен бір тапсырыс хат арқылы жіберу үшін шамамен 400 теңге жұмсалады. Қыруар шығын. Мұншама қаражатты басқа да әлеуметтік маңызды мақсаттарға бағыттауға болар еді. Оның үстіне бұл әдіс тиімсіз. Құқықтық проблемалар туғызып, азаматтар наразылығына себеп болады", – дейді Мусин.

Оның пікіріне сүйенсек, электрондық үкімет жүйесінде қорғалған пошта сервері түріндегі ұлттық хабарламалар жүйесін құру керек.

"Бұл серверде 16 жасқа толған әрбір азаматқа ЖСН-ге байланған пошта жәшігі беріледі. Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба беріледі, оны алған кезде жеке куәлікке байлауға болады. Барлық мемлекеттік органдар өз хабарламаларын көрсетілген пошталық мекенжайға жолдайтын болады, бұл азаматтарға уақытылы хабарлау проблемасын толығымен шешеді", – дейді министр.

Министрдің айтуынша, осы мәселе қазір үкіметте пысықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу