Қазақстанда қоршаған ортаны ластаған компанияларға айыппұлды облигация есебінде де төлеуге болады. Мұндай бастаманы "Астана" Халықаралық қаржы орталығы ұсынып отыр.
Әкімшілік басқарушы жөніндегі директор Айдар Қазыбаевтың айтуынша, қазір биржада СО2 жүйесі бойынша квоталар әзірленіп жатыр. Сөйтіп, Қазақстан айыппұлды облигация есебінде өтеуге өзгеріс енгізген тұңғыш биржасы бар мемлекет атанбақ. Сондай-ақ, "Астана" Халықаралық қаржы орталығы айыппұлдарды ұзақ мерзімді міндеттемелерді орындау мен вексель түріне де ендіруге мүмкіндіктер қарастырып отыр. Бұл бір жағынан жемқорлыққа тосқауыл қоятын қадам болу тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу