Айыпталушының бірі Қаржаубайдың өзін жазалауды сұрады

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі жалғасып жатыр.  

Айыпталушының бірі Қаржаубайдың өзін жазалауды сұрады Фото: Бейнежазбадан

Сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентай сөз сөйлеп, өзінің кінәсіз екенін айтып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол да Шерзаттың отбасына көңіл айтты. Күдіктінің сөзінше, оқиғаны бірінші болып бастаған – Қаржаубай Нұрымовтың өзі. 

– Істеген іс-әрекетім және бейнематериалды қарасаңыз, мен ешкімге қол көтермедім, теппедім және қолымда пышақ болмады. Мен досым Нұрболды (Тоқтаубаев) шақырғаныма өкінемін. Құрметті сот, қарап тұрсаңыз, осы іске тікелей қатысы бар, оқиғаға себепші болған – Қаржаубай Нұрымов. Ол бірінші Шерзат марқұмға мен туралы жалған ақпарат беріп, балалар келгенде пышақ шығарып, агрессия танытпағанда, Шерзат келген балалардың біреуін ұрмағанда мұнда төбелес болмас еді. Бұл жерде ерегес бастаған, адамдар тобын құрған және пышақ пен қаруды дайындаған Қаржаубай маған тағайындалған 293-бабының 3-бөлігімен жаза тағайындауыңызды сұраймын, – деді ол. 

Осыған дейін сотталушылардың анасы "Бір Шерзатты әжесі, әкесі, анасы және ағасы жүріп қорғай алмады" деп мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу