Айыптылар ақталып шықты

500

Атырауда аяқталмай қалған 4 әлеуметтік нысанның құрылысына жауаптылар кінәсіз болып шықты. 

Айыптылар ақталып шықты Фото: inbusiness.kz

Сот 1,5 жыл бойы тергелген құрылыс басқармасының бұрынғы және қазіргі қызметкерлері, мердігер компания өкілдері, авторлық және техникалық қадағалаушыларды толық ақтады.

8 қызметкер 2 дәрігерлік амбулатория, 300 орындық мектеп пен спортзалдың ақшасын жымқырды деп айыпталған болатын. Оларды облыстағы экономикалық тергеу департаменті сотқа берген. Алайда азаматтар сүттен ақ, судан таза болып шықты.

Жалпы 4 ғимарат қолданысқа 2019-жылға дейін берілуі тиіс еді. Оған бюджеттен 2.5 млрд теңге бөлінген. Соның 2.2 млрды игеріліпті.

Алайда бөлінген қаржы уақытында түспей, әрі пандемия кезінде материалдар қымбаттағасын тапсырыс кешеуілдеген көрінеді. Сақалды нысандарды кім аяқтайтыны әзірге белгісіз. Жауапты басқарма жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Оған қазынадан тағы қаржы қаралуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу