Айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты шектеледі

1047

Бас реттеушінің жаңа қаулысына сәйкес, келер жылдың 1 қаңтарынан шетел валютасын қолма-қол айырбастау құқы бар пункттер таңғы 10-нан кешкі 19,00-ге дейін ғана жұмыс істейді. 

Айырбастау пункттерінің жұмыс уақыты шектеледі

Ұлттық банк елдегі айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын шектеп, оларға қойылатын талаптарды күшейтпек, деп хабарлайды Atameken Business.

Бас реттеушінің жаңа қаулысына сәйкес, келер жылдың 1 қаңтарынан шетел валютасын қолма-қол айырбастау құқы бар пункттер таңғы 10-нан кешкі 19,00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Әр операциядан кейін олар клиенттің құжаттарын толығымен тіркеу журналына енгізуге тиіс. Мұнымен қоса, айырбастау пункттерінің жарғылық капиталы кемінде 100 млн теңгені құрауы керек.

Ал мекеменің банктік есеп-шотында сол жарғылық капиталдың 20 пайызы көлеміндегі қаражат жатуы міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу