Айзат Молдағасымова: Дәл менің сыйақы алуымды басшылығым шешеді

1300

Алматының бас санитарлық дәрігері өзіне қомақты сыйақы тағайындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Айзат Молдағасымова: Дәл менің сыйақы алуымды басшылығым шешеді Фото: Мария Галушко

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова медицина медицина мамандарын қолдауға бөлінген қаржы есебінен өзіне қомақты сыйақы тағайындады деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Жалған ақпарат тарағаны рас. Оны мен бүгін жоққа шығардым. Мен қаланың медицина қызметкерлеріне үстемақы тағайындайтын комиссия мүшесімін. Үстемақы алған немесе үстемақы алатын мединина мамандарының қатарында біздің басқарма жоқ, мамандарымыз да жоқ, мен де жоқпын. Дәл менің сыйақы алуымды басшылығым шешеді. Заңға сәйкес сыйақы алуға құқығым болса үнемделген қаржыға байланысты ел қатарлы аламын", – деді Айзат Молдағасымова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу