Айжан Аймағанова балалар қылмысының артып жатқанына алаңдаушылық білдірді

331

Прокурор Айжан Аймағанова "Тәртіпті өзіңнен баста!" акциясын бастауға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Айжан Аймағанова балалар қылмысының артып жатқанына алаңдаушылық білдірді Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтаған Айжан Аймағанова ана ретінде балаларының тағдырына алаңдаушылық білдіретінін жасырмады.

“Өздеріңізге мәлім, кейінгі кездері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың көбеюі байқалады. Зорлық-зомбылық, вандализм, бұзақылық фактілері, балаларға қатысты қылмыстардың артуы алаңдатады. Прокурор ретінде осындай істердің куәсімін. Бұл бізге моральдық, психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Бір жағынан, ана ретінде аяғын шалыс басқан жастардың болашағына уайымдаймыз. Екінші жағынан, заңгер ретінде жаның ауырады. Қалай десек те, заңды шешім шығарып, жастарды тура жолға салуға тырысамыз. Бірақ біздің балаларымыз неге заң бұзады? Неге қатігездік танытады? Осы ойлар мені көп мазалайды”, – дейді Айжан Аймағанова.

Ол бұған отбасындағы тәрбиенің төмендігі себеп болып отыр дейді. Сондықтан ол “Тәртіпті өзіңнен баста" қоғамдық науқанын бастауды ұсынды.

“Балалардың құқық пен бостандық сақталатын, өздерін қауіпсіз сезінетін қоғамда өскенін қалаймын. Қоғам заңның үстемдігі арқылы ғана дамитынына сенімдімін. Мемлекет басшысы дәл осыны атап өтті. “Тәртіпті өзіңнен баста" қоғамдық науқанының басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үндеу, құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктің алдын алу, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін насихаттау. Осы арқылы жастарды құқық бұзушылықтан аулақ болуға тәрбиелейміз”, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу