Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды.
Ведомстводағылар бұл оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты екенін хабарлады.
Есмағамбетова бұл қызметті 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап атқарып келеді. Ол бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу