Айжан Есмағамбетова: Министр Камалжан Надыровпен байланыста болмаған

1300

Бас санитар Камалжан Надыровтың денсаулығына қатысты мәлімет берді.  

Айжан Есмағамбетова: Министр Камалжан Надыровпен байланыста болмаған

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Елжан Біртанов өзінің бұрынғы орынбасары Камалжан Надыровтан коронавирус жұқтыруы мүмкін емес.

"Камалжан Талғатұлы өткен аптада өзінің қызметтік борышы бойынша бірқатар өңірге барған болатын. Сапар барысында ол практикалық көмек көрсетіп,  індеттің таралуын болдырмау бойынша ұйымдастырылған шараларды бағалап қайтты. Бүгін таңертең оның тест сынамалары ауру жұқтырғанын растады.  Ауру расталған жағдайда тексеру жүргізу алгоритміне сәйкес, Камалжан Талғатұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы инфекциялық стационарға жатқызылды.  Қазір оның жағдайы қанағаттарлық деп бағалануда. Денсаулық министрлігі де қашықтан жұмыс істеп жатқандықтан, онымен байланысты болған министрлік өкілдері ондай көп емес. Министр Елжан Біртанов Камалжан Надыровпен байланыста болмаған. Дей тұрғанмен ол да бүгін тест тапсырды. Нәтижесін өзі айтады деп ойлаймын", – деді бас санитар.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу