Ақ боранның әлегі әбігерге салғалы үшінші күн

567

Ақ боранның әлегі әбігерге салғалы үшінші күн. Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 16 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды. 32 республикалық маңызы бар жолдағы қозғалысқа шектеу қойылды. Оннан аса аймақта даланы дымқыл тұман басты.

Ақ боранның әлегі әбігерге салғалы үшінші күн

Көктайғақ, бұрқасын, тұман  бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы осындай. Соған байланысты 7 өңірде жол жабық тұр. Десе де ескертуді елемей, тәуекел етіп жатқандар аз емес. Соңғы тәулікте Абай мен Ақмола облыстарында жолда қалған 60 адам құтқарылып, жылы жерге жеткізілді. Қолайсыз ауа райы тас жолдардағы ғана емес, қала ішіндегі қозғалысқа да кедергі келтіріп отыр. 

Ауа райының қолайсыздығынан қар, боран кезде автобустар өз уақытынан 20-25 минутқа кешігу деген бар. Кептелістерде тұрамыз. Одан қалса көшені тазарту бар. Соның кесірінен автобустар кешігіп жатыр. Бірде еріп жатыр, бірде боран вообще түсініксіз ауа райы. 

Қиыншылықтар болады ғой енді ауа райында. 0036-0050 Такси шақыру соның өзі мысалға күн суық кездері баға көтеріліп кетеді. Бара жатқан жеріңе жай күндері 1200 теңгеге баратын болсақ, ал күн суықтаған сайын 2500 солай. 

Астанада дәл қазір сынап бағанасы нөл градусты көрсетіп тұр. Кешегіге қарағанда боран басылған, айтарлықтай аяз жоқ. Есесіне дала тұман, қар да тоқтаусыз жауып жатыр. Ол бірінші кезекте көлік қозғалысына кедергі. Ал тазалықшылар, қалың қармен қалай күресіп жатыр екен? Өздерінен сұрап білейік. 

"Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын кезекті атлантикалық циклон айқындайтын болады. Ол негізінен республиканың барлық аумағында жауын-шашын алып келеді. Көбінесе қар түрінде, кей жерлерде көктайғақ, боран, бұрқасын, еліміздің шығысында қатты қар күтіледі. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 5-15 аяздан 20 аязға дейін, күндіз 10-20 аязға дейін 2-10 аязға дейін ауытқиды", деді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Мақпал Ботаева.

Демек боран басылғанмен, еріген қар суы елдің есін шығарары анық. Демалыс күндері барлық аймақта жауын-шашын болады. Сондықтан көктайғақ басталса, жолға шығу бүгінгіден де қауіпті деген күдік бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу