Шайбалы хоккейден ширек финалға шыққан командалар белгілі болды

1098

Шайбалы хоккейден топтық кезең ойындары мәресіне жетті. 3-тур қортындысы бойынша АҚШ, Финляндия, Ресей және Швеция командалары ширек финалға жолдама алды. Аталған ұжымдардың қарсыластары іріктеу кезеңінің қортындысынан кейін белгілі болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Шайбалы хоккейден ширек финалға шыққан командалар белгілі болды

"А" тобында 2-орын алған Канада құрамасы жарыс иелері Қытай командасымен сынға түседі. Бұл кездесудің жеңімпазы ширек финалда Швеция құрамасымен жолығады.

Топтық кезең аясында 2 кездесуде жеңіске жеткен Дания командасы Латвия хоккейшілерімен өз ара мықтыны анықтайды. Бұл ойынның жеңімпазы Ресей құрамасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Чехия командасы Швейцария ойыншыларымен сынға түседі. Бұл сыннан сүрінбей өткен ұжым ширек финалда Финляндия құрамасымен жолағады.

Ал ширек финалға берілетін соңғы жолдаманы Словакия және Германия командалары сарапқа салады. Бұл кездесуде үздік шыққан команда АҚШ құрамасымен өз ара мықтыны анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу