Ақ Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға ақшалай сыйақы берілді

996

Ақ Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға ақшалай сыйақы берілді

Қазақстандық спортшылар 2018 жылғы Олимпиада ойындары үшін ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды olympic.kz.

Оңтүстік Кореяда өткен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелер көрсеткен қазақстандық спортшылар ҚР үкіметінің 19.12.2014 ж. №1314 қаулысына сәйкес ақшалай сыйақы алды. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышеваға 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Сонымен қатар, спортшының жеке бапкері, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен алғашқы бапкері де ақшалай сыйақы алды.

Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы эстафета жарысында алтыншы орын алған шорт-трекшілер Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, сондай-ақ ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков пен спортшылардың жаттықтырушыларына 5 мың АҚШ долларынан сыйақы берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу