Ақ Олимпиаданың бүгінгі жарыс кестесі өзгертілді

859

Ақ Олимпиаданың бүгінгі жарыс кестесі өзгертілді

Бүгін Пхенчханда қатты жел соғып тұр. Соған байланысты тау шаңғысының жарыстары кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін аталған спорт түрінен ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшы Мария Григорова жарыс жолына шығуы тиіс болатын. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті жарыс кестесін 16 ақпанға ауыстырды.

Отандасымыз кешегі жоспар бойынша бүгін Астана уақытымен 10:15 іріктеу сынына, ал одан сүрінбей өтсе 15:45-те финалдық сында өнер көрсетуі керек болған.

Сонымен, бүгін қазақстандық спортшылар Пхенчхан Олимпиадасында тек екі спорт түрінен сынға түседі. Олар биатлоншылар мен конькишілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу