"Ақ сұңқар" психодиагностикалық кешені барлық военкоматта іске қосылған

441

Бағдарлама суицидке бейім әскерилерді уақытылы анықтауға арналған. 

"Ақ сұңқар" психодиагностикалық кешені барлық военкоматта іске қосылған Фото: Kazlenta.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп жазады inbusiness.kz

Психодиагностикалық кешен Қарулы Күштердегі суицидтік мінез-құлыққа және басқа да девиантты мінез-құлыққа бейім адамдарды уақытылы анықтауға арналған.

"Әмбебап психологиялық кешен қазіргі таңда барлық военкоматта жұмыс істеп жатыр. Бұл кешенде 60-тан астам психологиялық құралдар базасы бар және психологиялық зерттеу нәтижелерін автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Сыртқы араласу, яғни нәтижелерді ауыстыру мүмкіндігінен қорғалған, фото және бейне түсіреді, субъекттің психофизиологиялық көрсеткішін өлшеу мүмкіндігін береді. Кейіннен осы кешенді әскери оқу орындарына және келісімшарт бойынша әскери қызметте кәсіби және психологиялық іріктеу барысында қолдану жоспарланып отыр", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның сөзінше, кешен психологтардың жұмысын толықтай алмастырмайды. Бағдарлама оларды әскери қызметшілермен жұмыс істеу барысында қосымша бағыттап отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу