Газадағы тұтқындарды дүйсенбі немесе сейсенбі күні босату жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қою үшін Мысырға баратынын хабарлады.
"Мен ол жаққа баруға тырысамын. Біз дәл уақытын анықтап жатырмыз. Мысырға барамыз, онда қол қою рәсімі өтеді. Бұл қосымша рәсім болмақ, өйткені бұған дейін де бір рет қол қойылған еді", – деді Трамп.
Газадағы тұтқындарды босату жоспарланып отыр.
"Өткен түні біз Таяу Шығыста тарихи серпіліске қол жеткіздік – көпшілігі мүмкін емес деп санаған жетістікке жеттік. Біз Газадағы соғысты тоқтаттық… және қалған барлық тұтқындардың босатылуын қамтамасыз еттік", – деп келтіреді АҚШ президентінің сөзін Ақ үйдің Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы.
Ал, Израиль үкіметі ХАМАС ұйымымен Газа секторындағы атысты тоқтату келісімінің бірінші кезеңін мақұлдағанын растаған болатын. Сол келісімнен кейін шабуыл тоқтады.