Ақ үй басшысы жанармай бағасын төмендетуді талап етті

656

АҚШ-та жанармай бағасы өсті.  

Ақ үй басшысы жанармай бағасын төмендетуді талап етті Фото: aol.com

Бұған Дональд Трамп наразы. Ақ үй басшысы Truth Social-дегі парақшасында сатушыларға дереу бағаны төмендетуді міндеттеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазір мұнайдың бір баррелі 68 доллар шамасында және қара алтынның бағасы төмендеп жатыр. Сондықтан жанармай сатушылар тез арада әрекет етіп, америкалықтар үшін бензин бағасын түсіруі тиіc деп санайды.

"Ешкімнің жағдайды пайдаланып, негізсіз бағаны көтеруіне жол берілмейді. Бұл – заңсыз. Егер сатушылар бағаны түсірмесе, үлкен мәселелер туындайды.

Калифорния жұрты жанармайға тым жоғары салық салуды тоқтатуы қажет. Жақын арада салықтың өзі бензиннің бағасынан да қымбат болып кетуі мүмкін. Калифорния халқы да мұнымен келіспейді", – деп жазды Трамп.

Сондай-ақ, баға әр галлон үшін 2,50 АҚШ доллар болуға тиіс.

Өткен аптада Трамп жанармай құнын арзандатпаған бірқатар компанияны АҚШ Әділет министрлігіне тексеруді жүктеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу