Ақ үй Гарвардтың патенттерін тартып алмақ

141

АҚШ Сауда министрі Говард Лютник Гарвард университетін америкалық салық төлеушілер алдындағы міндеттерін және патент заңын бұзды деп айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. 

Ақ үй Гарвардтың патенттерін тартып алмақ Фото: dw.com

Дональд Трамп әкімшілігі 5 қыркүйекке дейін жағдайды түзетпесе, университеттің жүздеген миллион доллар тұратын патенттерін тартып алатынын ескертті.

Министрдің айтуынша, Гарвардтың Бэя-Доуль федералдық патент заңын сақтауына шұғыл тексеру басталды. Талаптардың қатарында – өнертабыстар туралы деректерді дер кезінде жариялау, өндірісті АҚШ-та орналастыруға басымдық беру және ғылыми әзірлемелерді қолданбалы ету шараларын күшейту бар. Сондай-ақ университет 5 қыркүйекке дейін федералдық қаржыландырумен алынған барлық патенттердің тізімін және олардың қолданылуы туралы мәліметті ұсынуы тиіс.

Гарвард өкілі бұл талаптарды университеттің құқықтары мен бостандықтарына қарсы "бұрын-соңды болмаған әрекет" деп атады және заңды толық сақтап отырғанын мәлімдеді.

Бэя-Доуль заңы 1980 жылы қабылданған, ол федералдық қаржыға жасалған өнертабыстардың құқықтарын мердігерлерге (университеттер, шағын компаниялар, т.б.) беруге мүмкіндік береді.

Трамп пен Гарвард арасындағы дау биыл көктемде өршіді – әкімшілік университетке антисемитизммен күреспейді деп айып тағып, 2 млрд доллардан астам қаржыландыруды тоқтатты, шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салмақ болды. Университет бұл өзгерістерге келіспей, сотқа жүгінді. Кейін президент Клодин Гэй айыптаулардан кейін отставкаға кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу