Ақ үй Ирандағы мектепке жасалған шабуылға АҚШ-тың қатысы жоқ екенін айтты

144

Пентагон бұл мәселені тергеп жатыр.

Ақ үй Ирандағы мектепке жасалған шабуылға АҚШ-тың қатысы жоқ екенін айтты Фото: aljazeera.com

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Ирандағы қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуылға АҚШ-тың қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің білуімізше, жоқ. АҚШ бейбіт тұрғындарға шабуыл жасамайды. Мұндай әрекеттерді заңсыз режим саналатын Иран билігі жасайды", – деп атап өтті Ливитт.

Баспасөз хатшысы журналистерге де ескерту жасап, АҚШ-ты бейбіт халыққа әдейі соққы жасады деп айыптамауға шақырды. Оның айтуынша, америкалық әскерилер мұндай әрекетпен айналыспайды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Ирандағы мектепке жасалған соққыға Израильдің қатысы бар-жоғы туралы сұраққа да пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселені Пентагон тергеп жатыр.

"Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта бұл мәселені тергеп жатыр. Бірақ, тағы да қайталап айтамын. АҚШ Қорғаныс министрлігі мен қарулы күштері азаматтық нысандарға соққы жасамайды", – деді Ливитт журналистерге арналған брифинг барысында.

Иран билігінің мәліметінше, бұл шабуылдан 171 адам қаза тапқан. 3 наурыз күні қаза болғандарды жерлеу рәсімі өтіп, оған мыңдаған тұрғын қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу