Ақ үй маңында атыс болды

788

Ақ үй маңында атыс болды

Вашингтондағы Ақ үй қасында оқыс оқиға болды. Белгісіз бір ер адам тапаншамен бей-берекет оқ атып, елдің үрейін алды. Бірақ оқиға кезінде ешкім жапа шеккен жоқ. Тек ол өзін атып жаралап, содан көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.

Әзірге бұл азаматтың неліктен мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Ал атыс кезінде президент Дональд Трамп Флоридадағы резиденциясында болған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, ақпанның 14-і күні Флориданың Паркленд қаласында 19 жастағы мектептің бұрынғы оқушысы өзінің оқу орнына барып оқ жаудырып, 17 адамды өлтірген еді. Осыдан кейін елде қарудың емін-еркін сатылуына қарсы наразылық көбейіп, мәселе қоғамның қызу талқысына түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу