Ақ үй маңындағы атыс барысында екі адам жарақат алды

1065

АҚШ-та атыс құрбандарының саны өсуде. 

Ақ үй маңындағы атыс барысында екі адам жарақат алды

Вашингтонда орналасқан президент резиденциясынан екі шақырым жерде атыс болып, салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Екі адам жарақат алды, олар жергілікті ауруханаларға жіберілді", – деді полиция өкілдері.

Оқиға 14 және Риггс көшелерінің қиылысында болған. Әзірге атыс ашқандарды қамау операциясы жүргізілмеді. Полиция күдіктіні іздеуде. Ол – жергілікті нөмірі бар қара көлікке мінген сары жемпір киген ер адам. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 20-30 мәрте оқ атылған.

Жол қиылысы Ақ үйден екі шақырым жерде орналасқан. АҚШ президенті Джо Байден бірнеше рет елді "қарулы зорлық-зомбылық"м індеті шарпығанын айтқан еді. Америкалық президенттің сөзінше, қылмыс саны кемігенімен, атыс құрбандарының саны, керісінше, өсіп жатқан көрінеді.  

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу