Ақ үй Иранға қарсы санкциялар арқылы Теһранның мұнайдан алатын кірісін азайтуды көздеп отыр. Бірақ шектеу шараларының әлемдік нарыққа кері әсерін болдырмауға күш салады. Бұл туралы АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Брайан Хук мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының екінші бөлігі күшіне енді. Шектеу шаралары энергетика саласына, мұнай-сауда келісімдеріне, Орталық банктің қаржы операцияларына, кеме жасап шығару өндірісіне қарсы бағытталған.
Ресми Теһран Вашингтонның әрекетін әлем елдері айыптап отыр деп АҚШ қысымына қарсы күресе беретінін мәлімдеді.