Ақ үй TikTok-та ресми аккаунт ашты

117

Бұл АҚШ-та қосымшаның болашағына қатысты белгіленген мерзім аяқталуға бір айдан аз уақыт қалған сәтке тұспа-тұс келді. 

Ақ үй TikTok-та ресми аккаунт ашты Фото: РБК

Сейсенбі күні Ақ үй TikTok-та ресми аккаунт ашты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сол күні алғашқы видео жарияланды: 27 секундтық роликте Дональд Трамп серіктерімен серуендеп, 2016 жылы Республикалық партияның съезінде президенттікке үміткер болуға келісім берген сәтінен үзінді көрсетілді. Бірнеше сағат ішінде аккаунтқа 57 мыңнан астам адам жазылды. Ал Трамптың президенттік науқаны үшін ашылған TikTok аккаунтында қазірдің өзінде 15 миллионнан астам жазылушы бар.

Трамп президент болған кезінде TikTok-ты АҚШ-та тыйым салуға бағытталған жарлық шығарған еді. Құжатқа сай, қосымшаның иесі – қытайлық ByteDance компаниясы АҚШ-тағы бизнесін жергілікті компанияға сатуы тиіс болатын. Бірақ сот шешімдері бұл жарлықтың күшіне енуіне кедергі болды.

Ақ үйге қайта оралғаннан кейін Трамп ByteDance-ке берілген мерзімді бірнеше рет ұзартты. Соңғы рет ол TikTok-тың АҚШ-та қызмет ету мерзімін 2025 жылдың 17 қыркүйегіне дейін созды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу