Ақ үй Трамптың сайлауда заң бұзушылықтар болды деген айыптауын жоққа шығарды

973

Ақ үй Трамптың сайлауда заң бұзушылықтар болды деген айыптауын жоққа шығарды

Ақ үйдегілер АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамптың сайлауда дауыс беру кезінде  көптеген заң бұзушылықтар болғаны туралы мәлімдемесін растайтын ешқандай дәйектер жоқ деп айтты, деп хабарлайды Би-би-си.

"Менің айтарым, аталған мәлімдемені растайтын ешқандай дәйек ұсынылған жоқ", - деді Ақ үйде өткен брифингте баспасөз хатшысы Джош Эрнест.

Бұдан бір күн бұрын Дональд Трамп АҚШ-та президент сайлауы кезінде миллиондаған адам заңсыз дауыс берді деп мәлімдеген болатын.

"Егер заңсыз дауыс берген миллиондаған адамның дауысын есептен алып тастайтын болсақ, онда  айқын жеңісіме қосымша халықтық дауыс та менің еншімде", – деп жазды Трамп өзінің "Твиттердегі" парақшасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу