Ақ үй Украинаны қолдау бұрынғы деңгейде жалғасатынын айтты

653

Бұған дейін республикашылдар алдағы сайлау қорытындысы бойынша партия өкілдерінің көпшілігі Палатада орын алатын болса, Украинаға көмек қысқартылатынын айтқан болатын. Украина мұндай мәлімдемеден кейін біраз алаңдаушылық білдірді. 

Ақ үй Украинаны қолдау бұрынғы деңгейде жалғасатынын айтты Фото: Global Look Press

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер қарашадағы Конгресстегі аралық сайлаудың қорытындысы бойынша өкілдер палатасын бақылау Республикалық заң шығарушыларға қайтарылған жағдайда Украинаға одан әрі көмек көрсетуден бас тартылады деген алаңдаушылыққа жауап берді.

"Америка Құрама Штаттары Украинаға екі партия атынан қолдау көрсетіп келеді", – деді ол журналистерге. "Біз соңғы бірнеше айдағыдай Конгреспен жұмыс істеуді жалғастырамыз және Украинаны қанша қажет болса, сонша қолдаймыз".

АҚШ Украинаға көмекке 60 миллиард доллардан астам қаражат бөлді, ақпан айында соғыс басталғаннан бері 17 миллиардтан астам көмек бөлінді".

Өкілдер палатасындағы республикашылдар жетекшісі Кевин Маккарти егер оның партиясы палатаны бақылауға алса, көмектің қысқаруы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу