Ақ Үй Украинаның Ресейге жасаған дрондар шабуылын құптамайды

747

Вашингтон, Киевке бейбіт халыққа шабуыл жасау үшін емес, өз аумағын қорғап, қайтару үшін көмектесіп жатыр.

Ақ Үй Украинаның Ресейге жасаған дрондар шабуылын құптамайды Фото: DW

Бұл туралы Ақ Үйдің ресми өкілі Жан-Пьер хабарлады. Оған дейін БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик та, бейбіт халық пен азаматтық нысандарға жасалған шабуылдарды сынайтынын айтқан.

Айта кетейік, сейсенбі күні таңертең Мәскеу орталығындағы бірнеше көпқабатты үйге дрондар шабуыл жасаған. Халық зардап шеккен жоқ, алайда ғимараттарға зақым келген. 

Елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу, 8 украиналық ұшқышсыз аппараттың үшеуі Мәскеудегі радиоэлектронды құрылғының көмегімен, қалған 5-еуі "Панцирь" кешені арқылы жойылды деген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу