АҚШ-тың құпия қызметі Ақ үй жанындағы атысқа қатысты мәлімдеме жасады. Дерек бойынша, ер адам құпия қызметінің офицеріне жақындап, қару бар екенін айтқан.
"51 жастағы ер адам Ақ үй жанындағы 17 көше мен Пенсильвания-авеню қиылысындағы постта тұрған офицерге келіп, қару бар екенін айтқан. Содан кейін күдікті киімінде жасырулы тұрған нәрсені алып, атпақ болған сыңай танытады", — деп жазылған құпия қызметінің ресми мәлімдемесінде.
Сол бойда офицер ер адамға оқ атады. Жарақат алған күдіктіге сол маңдағы қарулы күштердің өкілдері бірінші медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген.
Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трампты оның күзеті баспасөз мәслихаты аяқталмай жатып, шара болып жатқан жерден шығарып алып кеткен еді. Қарулы күш қызметкерлері "резиденция маңында белгісіз біреу шабуыл жасауға бел буды" деп президентті осылай жасырмақ болды. Бірақ бірнеше минуттан кейін Трамп қайта оралып, баспасөз мәслихатын жалғастырды.
Табиғат Нұрболат