Ақ үйдің 34 қызметкері Covid-19 жұқтырды

606

ABC басылымының мәліметінше, үкімет шенеуніктері вирустың таралуы туралы ақпаратты жасырмақ болған көрінеді. 

Ақ үйдің 34 қызметкері Covid-19 жұқтырды

АҚШ президенті резиденциясының 34 қызметкері коронавирус дертіне шалдыққаны анықталды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Науқастардың қатарында президент Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамп, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы, сайлауалды штабтың директоры, Республикалық партияның Ұлттық комитетінің басшысы, президенттің көмекшілері бар. 

ABC басылымының мәліметінше, үкімет шенеуніктері вирустың таралуы туралы ақпаратты жасырмақ болған көрінеді. 

Еске сала кетсек, Трамптың вирус жұқтырғаны өткен аптада жарияланған еді. Ол ауруханада небәрі үш күн емделіп, жұмысына кірісті. Бұл жолы да Ақ үй басшысы індеттің таралуына "Қытай кінәлі" деп айтып, ресми Бейжің індеттің жайылуына жол бергені үшін жауап беретінін жеткізді.

Соңғы мәлімет бойынша, Құрама Штаттарда вирус жұқтырғандардың саны 7,5 миллионнан асты. Оның 200 мыңнан астамы ауруын асқындырып қаза тапты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу