Ақ жауын салдарынан "Ұзынағаш – Бесмойнақ" автожолы жабылды

564

Қолданыстағы жасанды құбырлар су ағынына төтеп бере алмады.

Ақ жауын салдарынан "Ұзынағаш – Бесмойнақ" автожолы жабылды Фото: Алматы қаласы ТЖД

Алматы облысында жауын-шашын салдарынан облыстық маңызы бар "Ұзынағаш – Бесмойнақ" автожолында сел жүрді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, 21 шілде, сағат 16:52-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы, Дегерес ауылдық округінің Қараарша елді мекенінде нөсер жауын-шашынның салдарынан еңіс ағыны болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД мен Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарынан 30 адам және 2 бірлік техника дереу оқиға орнына жіберілді.

"Жауын-шашынның салдарынан және таулы өзендердің беткейлерінде 36 шақырым (Шиен ауылы) және 54 шақырым (Қараарша ауылы) "Ұзынағаш-Бесмойнақ" облыстық маңызы бар автокөлік жолында ағынының қалыптасуы нәтижесінде тасқын судың автожолды шайып кеткені анықталды. Нөсерлі кәріз жүйесі және жасанды құрылыстар (құбырлар) жоқ, сол себепті су ағынын ағызу жол төсемі арқылы жүреді. Жол бойында әртүрлі фракцияның лайлары мен тастарынан шөгінділер пайда болды. Нәтижесінде автожолдың осы учаскелерінде көлік қозғалысы жабылды. Сондай-ақ орташа қысымды газ құбырының учаскесі (шамамен 70-80 метр) бүлініп, Шиен ауылының орталық көшесіндегі 40-қа жуық үйдің ауласындағы құрылыстарды су басты", - деп хабарлады ТЖД.

Шиен ауылының халық саны – 2 704, Қараарша ауылының халық саны – 237 адам. Қазір Ұзынағаш ауылында орналасқан ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамнан 30 адам, ТЖБ және №4 ӨСБ 20 қызметкері және техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарынан 20 қызметкер және көмекші техника оқиға орнына барды.

Оқиға орнында аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу