"Ақ жол" партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары не үшін қамауға алынғаны белгілі болды

205

Іс Бас әскери прокуратураның бақылауында.

"Ақ жол" партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары не үшін қамауға алынғаны белгілі болды Фото: akzhol.kz

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтың бұрынғы орынбасары Дмитрий Васильевке қатысты қылмыстық істің мән-жайы жария етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

"Астана қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Д. Васильев және өзге де тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189, 218, 286, 366, 367 және 450-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – делінген жауапта.

Ресми ақпаратта айтылғандай, істің мән-жайын жан-жақты әрі объективті түрде анықтау бағытындағы тергеу амалдары жалғасады. Іс Бас әскери прокуратураның бақылауында.

Қылмыстық кодекске сәйкес жоғарыда аталған баптардың мәні:

- 189-бап – сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету (айыппұл не мүлкі тәркілене отырып 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру);

- 218-бап – қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру (10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеумен);

- 286-бап – тыйым салынған заттардың кедендік шекарадан өтуі (айыппұлдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін);

- 366-бап – пара алу (айыппұл не мүлкі тәркілене отырып 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мемлекеттік лауазымды өмір бойы атқару құқығынан айыру);

- 367-бап – пара беру (20–60 есе көлемінде айыппұл немесе 5–15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, егер тұлға өз еркімен хабарласа немесе параны талап ету жағдайында жауапкершіліктен босатылады);

- 450-бап – билікті теріс пайдалану (20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеумен).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу