"Ақ жол" партиясының атауы сайлау бюллетеніне енгізіледі

783

Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына "Ақ жол" партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы қабылдады. 

"Ақ жол" партиясының атауы сайлау бюллетеніне енгізіледі

Осылайша Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері  партиялық тізім бойынша тіркеуге алынды. Партияның 38 мүшесі алдағы сайлауда бақ сынайтын болды. 

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәлік берілсін! Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметті ұсынсын! Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімі "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабарды осы қаулыдағы 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын! "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін!" – деп жазылған ОСК қаулысында. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу