"Сайлаудан Әділетті Қазақстанды күтеміз. Менің ойымша, 20 жыл бойы мұндай ашық әрі ауқымды сайлау науқаны болмаған шығар. Егер біздің қоғам мен мемлекет бұл қарқынды бәсеңдетпей, ашық диалогты жалғастыра берсе, онда шынымен де біздің өміріміз жақсарады, Сонымен қатар бұл қадамдар әділдікке бағытталған өзгерістердің басы болмақ", - деп мәлімдеді Азат Перуашев.
Айта кетейік, бұған дейін ЖСДП, "Байтақ" және "Ауыл" партияларының көшбасшылары сайлауда дауыс бергенін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу