Академик Алшынбай Рахышев өмірден озды

826

Алшынбай Рахышев 1931 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Тегісшілдік ауылында туған.  

Академик Алшынбай Рахышев өмірден озды

Алматыда орыс-қазақ тіліндегі анатомиялық терминдер сөздігінің авторы, ҚР Ғылым академиясының академигі Алшынбай Рахышев 90 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеттің баспасөз қызметі.

1950 жылы Қарағанды қалалық Медицина университетіне түскен. Содан бері А.Рахышев оқытушылық жұмыстан қол үзбеген.

Ол қазақстандық медицинаның дамуына зор үлес қосқан.

Ол кісінің жетекшілігімен анатомия кафедрасында төмен энергетикалық газды лазерлердің жүйке және тамыр жүйесіне ықпалы зерттеліп келген.

А.Рахышев Қазақстан медицина ғылымында бірқатар білікті шәкірт тәрбиелеген.

Ғалым 1980 жылы Парижде медицинада лазерді қолдану бойынша Бүкіләлемдік қауымдастықтың құрметті президенті ретінде тағайындалды.

Алшынбай Рахышевтің қазақ тілінде медициналық терминдерді қалыптастыруда еңбегі орасан зор. Ең алғашқы қазақ-орыс медициналық терминологиялық сөздігін ол студенттік кезінде жазған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу