Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы ауысты

1108

Елордада Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналысы өтті. Қауымдастықтың құрамына еліміздің 11 жоғары оқу орны кіреді. 

Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы ауысты

Жиын барысында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан бірауыздан Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz ЖОО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде жаңа басшы Лиганың дамуына қатысты көзқарасын білдірді: "Академиялық адалдық лигасы тек академиялық сапасы жоғары және кез келген академиялық әділетсіздікке жол бермейтін университеттермен ғана байланысты болуы керек. Лига ҚР Білім және ғылым министрлігінің сапасыз жоғары оқу орындарын жабу мен сұранысқа ие емес мамандықтардың лицензиясын қайтару бойынша қазіргі саясатын қолдайды". 

Кеңес төрағасы жоғары білім саласындағы мәселелерге қоғамның назарын аудару үшін бар күшін салып, медиа саласындағы кәсіби тәжірибесін барынша пайдаланатынын айтты. Сондай-ақ Академиялық адалдық лигасын жоғары білім саласындағы кез келген өзгеріске дайын бренд ретінде қалыптастыратынын мәлімдеді. 

Осы уақытқа дейін Ерболат Мұхамеджан "Atameken TV" арнасы бас продюсерінің орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі және ҚР БҒМ "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 

Академиялық адалдық лигасы кеңес мүшелерінің қатарында Satbayev University академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының Академиялық қызмет жөніндегі орынбасары Айгүл Зейнолданова, Алматы менеджмент университетінің Академиялық дамыту жөніндегі проректоры Айымгүл Тілеужанова, Сулейман Демирель атындағы университетінің Академиялық істер жөніндегі проректоры Андрей Богданчиков, Қазақстан-Британ техникалық университетінің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Әсел Жұмасейітова, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Академиялық қызмет бойынша проректоры Клара Байльдинова, Қарағанды медицина университетінің Академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Виктор Риклефс, Халықаралық бизнес университеті ректорының оқу-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Анар Махметова, Халықаралық бизнес университеті ректорының оқу-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Аққыз Мустафина, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Рената Апергенова бар. 

Еске сала кетейік, Академиялық адалдық лигасы – Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Лиганың басты мақсаты – академиялық адалдық қағидаттарын алға қою арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыру. Қауымдастық 2018 жылы АҚШ-тың жекеменшік университеттері мүшелік ететін танымал "Лига Плюща - The Ivy League" үлгісі бойынша құрылған болатын.

Академиялық адалдық лигасының құрамына кіретін университеттер:
1. Satbayev University;
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы;
3. Алматы Менеджмент Университеті;
4. М.C.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;
5. Сулейман Демирель атындағы университет;
6. Қазақстан-Британ техникалық университеті;
7. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
8. Қарағанды медицина университеті;
9. Халықаралық бизнес университеті;
10. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
11.М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу