Ақадыр кентінде 11 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

1368

Бұл үйлерді "Астана Моторс" өз есебінен жөндеп, абаттандырып, оларды көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға сыйға тартты.  

Ақадыр кентінде 11 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

Қарағанды облысы Ақадыр кентінде 11 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Әр үйдің жанында жер учаскесі мен шаруашылық құрылыстары бар. Бақша егіп, үй шаруашылығын жүргізуге болады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Жаңа қоныстанушыларға кілттерді табыс ету салтанатты рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен "Астана Моторс" компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов келді. Осы компанияның арқасында ауыл тұрғындары баспаналы болып отыр. Бұл үйлерді "Астана Моторс" өз есебінен жөндеп, абаттандырып, оларды көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға сыйға тартты.  

Ерлан Қошанов "Астана Моторс" компаниясына көп балалы отбасыларға көмек көрсеткені үшін рахмет айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу