Адвокат: Ақаевқа "Құмтөр ісі" бойынша тағылған айыптар алынып тасталды деуге ерте

857

Экс-президентке қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ.

Адвокат: Ақаевқа "Құмтөр ісі" бойынша тағылған айыптар алынып тасталды деуге ерте

"Құмтөр ісі" бойынша айыпталған Қырғызстанның тұңғыш Президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылған жоқ. Бұл туралы бұрынғы мемлекет басшысының адвокаты Айбек Самарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тергеудің Асқар Ақаевқа қояр сұрағы жоқ.

"Алайда тергеу әлі аяқталмады. Сондықтан барлық айыптар бұрынғы президенттен алынып тасталды деп айтуға әлі ерте. Тергеу жалғасуда, қылмыстық іс тоқтатылған жоқ. Барлық айыпталушылар күдікті ретінде жауапқа тартылды. Олардың қатарында Асқар Ақаев та бар", – деді Айбек Самарбеков.

Бұған дейін Асқар Ақаевтың жақтасы Бекболот Талғарбеков бұрынғы президент Мәскеуге ұшып кеткенін және одан "Құмтөр ісі" бойынша барлық айыптар алынып тасталғанын айтқан болатын.

Еске сала кетейік, Асқар Ақаев Бішкекке 14 желтоқсанда ұшып келді. Ол тамыз айында да осы іс бойынша Қырғызстанға келген еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу