Дәстүрлі әнші Ақан Әбдуәлиев Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиев 1975 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясынан бастаған. Кейінірек Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында ұстаздық қызметтер атқарған.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыка факультетінің "Дәстүрлі музыка орындаушылық" кафедрасының меңгерушісі болды.
2008-2009 жж. А.Жұбанов атындағы ҚОМММИ директорының музыка ісі жөніндегі орынбасары;
2009-2015 жж. А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры;
2015-2016 жж. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметтерін атқарған.
2016 жылдың 1 маусымынан бастап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2018 жылдан бастап – Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.