"Ақау емес, табиғи құбылыс": LRT рельстерінде неге таттың пайда болғаны белгілі болды

161

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақау емес, табиғи құбылыс": LRT рельстерінде неге таттың пайда болғаны белгілі болды Фото: CTS

Рельс төсеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. 

10 шілдедегі жағдай бойынша, LRT желісінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымның 18 шақырымына жолдың үстіңгі құрылысы төселді. Бұл – бүкіл желінің 80%-ы.

Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті немесе төмен легирленген болаттан жасалған рельстер қолданылады. Темір ылғал мен ауа әсерінен тотығады, соның салдарынан бетінде тат пайда болады.

Тұрмыстық немесе автокөлікке арналған металл бұйымдардан айырмашылығы – рельстерге бояу немесе лак жағылмайды. Бұл техникалық талаптарға байланысты: бояу қозғалыс жүктемесінің әсерінен тез өшіріліп қалады, сондай-ақ дөңгелектердің ілінісіне кедергі келтіруі мүмкін және дәнекерлеу жұмыстарына кері әсерін тигізеді.

City Transportation Systems хабарлауынша, беткі тат рельстің беріктігіне және пайдалану сапасына әсер етпейді. Пойыздар қозғалысы басталғаннан кейін ол сүртіліп кетеді, яғни дөңгелектер  қозғалыс кезінде рельс бетін өздігінен тазартады.

"Барлық рельстер жаңа және арнайы LRT жобасы үшін 2025 жылы шығарылған. Жаңа рельстерде таттың пайда болуы ақау емес, табиғи құбылыс. Бұл – рельстік болатқа тән стандартты ерекшелік, ол инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен беріктігіне әсер етпейді.

Рельс төсеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Жолдың үстіңгі құрылысы 2025 жылғы тамыз айының соңында аяқталады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу